Алматыда жаңбыр мен қар жауып, күн суытады: 27–29 қарашада Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады

15:11, 26 қараша 2026
MKZ: 1579888

© Фото: Zakon.kz

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, боран соғады, түнде аяз 10 градусқа дейін күшейеді. Алматыда жаңбыр мен қар жауып, 29 қарашаға қарай түнгі температура 0…+2 °C-қа дейін төмендейді. Шымкентте жаңбыр жауғанымен, күндіз ауа температурасы +10 °C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі 2026 жылғы 27, 28 және 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

27 қарашада күн бұлтты болады. Ара-тұра жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады. Жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, ал түнде және таңертең кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де 0…−2 °C болады.

28 қарашада күн бұлтты, ара-тұра қар жауады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді. Түнде де, күндіз де 5–7 градус аяз болады.

29 қарашада күн бұлтты, ара-тұра қар жауады. Түнде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде −8…−10 °C, күндіз −5…−7 °C болады.

Алматы

27 қарашада күн ала бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауып, кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +5…+7 °C болады.

28 қарашада күн ала бұлтты, түнде жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2…+4 °C, күндіз +6…+8 °C болады.

29 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2 °C, күндіз +6…+8 °C болады.

Шымкент

27 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6 °C, күндіз +8…+10 °C болады.

28 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2…+4 °C, күндіз +8…+10 °C болады.

29 қарашада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2 °C, күндіз +6…+8 °C болады.

Қазақстан бойынша 2026 жылғы 26–28 қарашаға арналған ауа райы болжамын осы жерден оқи аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!