Қытай ғалымдары TikTok-тағы роликтерге тәуелділік мидағы ауытқуларға әкелетінін анықтады

11:45, 20 қаңтар 2025

© Фото: unsplash

Тяньцзинь педагогикалық университетінің мамандары TikTok және басқа онлайн платформалардағы қысқа бейнелерге тәуелділік мидың жұмысына әсер қалай әсер ететінін зерттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Neuroimage журналының ақпаратынша, зерттеуге 17-30 жас аралығындағы 111 студент қатысты, олардың барлығы TikTok сияқты қысқа бейне платформаларының тұрақты пайдаланушылары болды. Студенттер неврологиялық және психиатриялық бұзылулардың жоқтығына тексерілді.

Қатысушылар МРТ сканерлеу арқылы миды бейнелеу деректерін жинады. Нәтижесінде сарапшылар қысқа бейнелерге тәуелділік деңгейі жоғары адамдардың миындағы құрылымдық және функционалдық ауытқуларды анықтады. Мұндай қатысушылар орбитофронтальды қыртыста және мишықта сұр заттың ұлғаюын көрсетті – бұл шешім қабылдауға және эмоционалды реттеуге қатысатын аймақ.

Осылайша, ғалымдар қысқа бейнелердің ұйқының бұзылуына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне және эмонцианалды ретсіздікке әкелетіндігін анықтады.

Бұған дейін АҚШ-та TikTok бұғатталғандығы хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!