Қазақстанда мемлекеттік монополия субъектілерінің тізілімі кеңейтілді
© Фото: senate.parlam.kz
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 8 қаңтардағы бұйрықпен мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізілім екі субъектімен толықтырылды:
- "Қазақстан ГАЖ Орталығы" АҚ – әскери мақсаттағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірыңғай операторы, Астанада орналасқан;
- "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы" АҚ – білім беру сапасына халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуді үйлестіруді және білім беруді дамытудың жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, сондай-ақ "Ұлттық білім беру базасы" ақпараттық жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қалыптастыруды, сүйемелдеуді, жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, интеграциялауды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға, Астанада орналасқан.
Бұйрық оған қол қойылған күннен бастап алты ай өткен соң күшіне енеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 20 қаңтар 2025
Тоқаев ҰҚК басшысына бірқатар тапсырма берді
-
17:40, 20 қаңтар 2025
Жұмысына адал алматылық автобус жүргізушісінің оқиғасы президенттің құлағына да жетті
-
17:40, 20 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
-
17:00, 20 қаңтар 2025
Жаңадан тағайындалған әділет министрі президентке есеп берді
-
16:37, 20 қаңтар 2025
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті