«Кезекке таласты»: Астанада балалар алаңында әйелдер төбелесіп, оқиға видеоға түсіп қалды
© Фото: Zakon.kz
Астанадағы "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінің балалар алаңында екі әйел төбелесіп қалды. Дене жарақатын салу фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы ақпарат алғашында "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында жарияланды. Олардың мәліметінше, жанжал әйелдердің бірінің күйеуі бөтен баланы ұрып жібергеннен кейін басталған. Ал екінші әйел кәмелетке толмаған баланы қорғауға араласқан.
Алайда елорданың құқық қорғау органдары оқиғаның ресми мән-жайын айтып, тұрмыстық жанжалдың нақты себебін түсіндірді.
"Дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Балалар алаңындағы жанжал әткеншекте кімнің бірінші тебінуі керектігіне байланысты туындаған. Соның салдарынан екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған", – деп хабарлады 2026 жылғы 30 тамызда Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның аясында оқиғаға қатысушылардың барлығының әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:51, 31 тамыз 2026
Мемлекет басшысы вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, бірқатар міндет жүктеді
-
12:47, 31 тамыз 2026
Қазақстан даласында әлемдегі ең сирек жабайы жылқының екінші құлыны дүниеге келді
-
12:43, 31 тамыз 2026
Бурак Өзчивит туған әпкесінің тойына қатыспады
-
12:40, 31 тамыз 2026
Қар аралас жаңбыр мен үсік: 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
-
12:33, 31 тамыз 2026
Рыбакинаның US Open-дегі қарсыласы – 17 жастағы актриса





