Құймақтан уланған: Павлодарда санитарлық нормаларды сақтамаған кәсіпкер айыппұл төлейтін болды
© Сурет: pixabay
Эпидемиологтар тексерісті аяқтап, шаралар қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
28 мамырда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына төрт өтініш келіп түскен. Төрт адам Ак. Шөкин көшесінде орналасқан Eco bazaar сауда нүктесіндегі "Кренделия" дүкенінен ветчина, тауық еті мен ірімшік қосылған құймақтарды сатып алғаннан кейін уланды. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барды.
"Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды", - деп хабарлады басқарма.
Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол 424 580 теңге мөлшерінде айыппұл төлеп, бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. Қазіргі уақытта аталған өнім сатылымнан алынып тасталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 18 қаңтар 2025
Астанада фитнес орталықта өрт шықты
-
19:01, 18 қаңтар 2025
Алматыда, Шымкентте және 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
18:47, 18 қаңтар 2025
Павлодарда трамвай әйелді сырып өтті
-
18:08, 18 қаңтар 2025
Қазақ қызы Трамптың инаугурациясына шақырту алды
-
17:47, 18 қаңтар 2025
Шымкентте сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады