ҚР СІМ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтату туралы қарарын құптады
© Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Газадағы қақтығысты тоқтатудың кешенді жоспары туралы 2803 (2025) қарарының қабылдануын құптайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство 2025 жылы 18 қарашада осындай мәлімдеме жасады:
"Америка Құрама Штаттары мен Президент Дональд Трамптың, сондай-ақ атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілуіне маңызды үлес қосқан басқа елдердің күш-жігерін жоғары бағалаймыз".
Министрлік қарардың қабылдануы – Газа секторындағы жағдайды шешуге, тараптар арасындағы сенімді қалпына келтіруге және Таяу Шығыстағы тұрақты бейбітшілікке бағытталған маңызды қадам.
"Қазақстан БҰҰ Жарғысына, Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларына, халықаралық гуманитарлық құқыққа және тәуелсіз, өміршең және аумақтық тұрғыдан біртұтас Палестина Мемлекетін құруды көздейтін «екі халық үшін екі мемлекет» формуласына негізделген Таяу Шығыс мәселесінің бейбіт, кешенді және орнықты шешілуін үнемі қолдайды". Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Қазақстан Ибраһим келісімдері аясында барлық серіктестермен, соның ішінде процестегі негізгі дәнекерлермен сындарлы түрде өзара әрекеттесуге және жағдайды тұрақтандыруға, халыққа гуманитарлық колдауды арттыруға және ұзақ мерзімді саяси процеске жағдай жасауға бағытталған халықаралық күш-жігерге одан әрі үлес қосуға дайын.
Айта кетсек, 2025 жылы 7 қарашада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміздің Авраам келісімдеріне қосылуына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 3 наурыз 2026
Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өрт шықты
-
22:01, 3 наурыз 2026
Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды
-
21:40, 3 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ
-
21:15, 3 наурыз 2026
Рудный қаласында екі жастағы қыз бала «Газель» көлігінің астына түсіп, қаза тапты
-
20:42, 3 наурыз 2026
4 наурызда қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды





