Қостанайлық бойжеткен өзін құтқарған полицеймен әріптес болды

© Сурет: polisia.kz
Қостанайлық бойжеткен өзін құтқарған полицеймен әріптес болды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың басында Қарабалық аудандық криминалдық полиция қызметкері Әміржан Топалов көршісімен бірге газ тараған пәтерден әйел мен жасөспірімді құтқарып қалды. Туыстары пәтер тұрғындарына қоңырау шала алмай, бірдеңе болғанын сезіп, көмек сұраған.
"Біз пәтерге кіре алмадық, ешкім есік ашпады, қоңырауларға да жауап болмады. Содан кейін терезені сындырып, ішке кірдік. Үйде газдың иісі қатты шығып тұрды, жарық та болмады. Бірден газды өшіріп, терезелерді аштық", - деп еске алады полицей.
Кейінірек газ плитасының тартқышы қатып қалғандықтан газ үйге тарай бастаған, ал улы көмірқышқыл газы бөлмеде жиналып қалғаны анықталды. Полицей мен көршісінің батыл әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алды.
Көрсеткен ерлігі үшін Амиржан Топалов "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Сурет: polisia.kz
Арада бір жылдан аса уақыт өтті. Тағдыр Топаловты Шаяхметовтер отбасымен қайта тоғыстырды – олар көрші тұрады.
Қыздың анасы Кәмшат Шаяхметова полицейге шын жүректен алғыс білдірді: "Сол оқиғадан кейін өміріміз "дейін" және "кейін" болып екіге бөлінді. Келгеніңе қуаныштымыз. Біз сені ұмытпаймыз. Сенің арқаңда тірі қалдық. Өміріңде де, жұмысыңда да жолың болсын".
Бірақ бұл оқиғаның күтпеген жалғасы бар. Сол кезде аман қалған Карина Шаяхметова – бүгінде полицияда қызметін бастаған жас маман. Колледжді аяқтап, заңгерлік білім алған соң, жастар практикасы бағдарламасы аясында сол бөлімнің көші-қон қызметіне жұмысқа орналасты. Дәл сол жерде оны құтқарған Әміржан Топалов та қызмет етеді.
"Бұл өте қызықты және маңызды жұмыс. Ол өмірге қажетті шынайы тәжірибе береді. Сол оқиғадан кейін бұл мамандыққа деген көзқарасым өзгерді. Бір кезде маған көмектескендей, енді мен де адамдарға көмектескім келеді", - дейді Карина.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:46, 8 шілде 2025
Алматыда полиция метро жолаушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
-
09:37, 8 шілде 2025
Спортшыны бір спорт клубынан екіншісіне ауыстыру тәртібі өзгерді
-
09:25, 8 шілде 2025
АИТВ жұқпасын жұқтырған қазақстандық өгей қызын зорлаған
-
09:13, 8 шілде 2025
Синоптиктер Астана, Алматы және тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасады
-
09:03, 8 шілде 2025
Үкімет бірінші жартыжылдықтағы инфляцияның қорытындысын шығарды