Қостанайда полицейлер кәмелетке толмаған екі дропперді анықтады
© Сурет: polisia.kz
Қостанайда полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетке қатысы бар екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға телефон қоңырауынан басталған. Бейтаныс адамдар жергілікті тұрғынға оның келіні жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлап, мәселені шешу үшін 7 миллион теңге талап еткен. Алайда жәбірленушінің қолында тек 2 мың доллар болған.
Қатты үрейленген әйел ақшаны белгіленген адамға табыстаған. Кейін туысымен сөйлескеннен кейін ғана оның ешқандай жол апатына қатысы жоқ екенін білген.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 17 жастағы екі жасөспірімді ұстады. Олар ақшаны басқа валютаға айырбастап, өзге шоттарға аударып үлгерген. Сондай-ақ сол күні дәл осындай схема бойынша тағы 1 миллион теңге жымқырылғаны анықталды, бірақ бұл жағдайда жәбірленуші әлі табылған жоқ.
Тергеу барысында алаяқтардың Telegram арқылы "жұмыс" ұсынғаны белгілі болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция кейінгі уақытта мұндай алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға үндеді.г
"Егер сізге күмәнді қоңыраулар түссе, бірден сөйлесуді тоқтатып, жақындарыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Сондай-ақ SMS арқылы жіберілген кодтар мен құпия ақпараттарды ешкімге бермеу қажет. Кез келген күдікті жағдайларда полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз", - делінген хабарламада.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:08, 19 наурыз 2025
Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды
-
13:50, 19 наурыз 2025
Алматыда мемлекеттік кәсіпорын басшыларының 449 миллион теңгені ұрлауына байланысты тұрғын үй тәркіленді
-
13:39, 19 наурыз 2025
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ісі сотқа жіберілді
-
13:27, 19 наурыз 2025
Сарапшы: Билікті отбасылық-кландық топтардың басып алу мүмкіндігі төмендеді
-
13:27, 19 наурыз 2025
Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сарапшы: Билікті отбасылық-кландық топтардың басып алу мүмкіндігі тө
Танымал жаңалықтар
-
15:55, 18 наурыз 2025
-
18:10, 18 наурыз 2025
-
19:05, 18 наурыз 2025
-
17:35, 18 наурыз 2025
-
19:31, 18 наурыз 2025
-
21:50, 18 наурыз 2025
-
17:14, 18 наурыз 2025
-
18:42, 18 наурыз 2025
-
20:11, 18 наурыз 2025
-
14:52, 18 наурыз 2025
-
16:51, 18 наурыз 2025
-
15:20, 18 наурыз 2025
-
16:11, 18 наурыз 2025
-
15:09, 18 наурыз 2025
-
16:32, 18 наурыз 2025