Қостанайда бір колледж сабақтан қалған балаларға заңсыз айыппұл төлеткен

15:18, 9 сәуір 2021

© Сурет: Қостанай қалалық прокуратурасы

Қостанай қалалық прокуратурасы білім беру ұйымдарының қызметіне талдау жасады. Нәтижесінде студенттерге заңсыз жаза қолдану фактілері анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мысалы, қалалық колледждердің бірі себепсіз сабақтан қалғаны үшін студенттерден 500 теңге, ал практикалық сабақта болмағаны үшін 3000 теңге айыппұл төлеуге міндеттеген.

Мұндай айыппұлды 229 студент төледі, ал төлемдердің жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асады.

Қала прокуратурасының араласуынан кейін заңсыз ақша жиын-терімі тоқтатылды. Сонымен бірге, алынған айыппұл ақшалары студенттерге қайтарылды.

Білім беру ұйымдары тарапынан осыған ұқсас заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда, тұрғындар мен студенттерден Қостанай қалалық прокуратурасына (Толстой к-сі, 57; тел: 53-34-39) немесе білім беру басқармасындағы уәкілетті органға (Гоголь к-сі, 177 "А"; тел: 54-94-82) хабарласу сұралады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!