Қостанай облысында той үстіндегі әрекеті үшін үйленген жігітке айыппұл салынды
© Сурет: pixabay
Лисаков қаласында өз тойында пиротехникалық бұйымдарды қолданған жаңадан үйленген жігіт әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Лисаков қалалық сотында азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 20 қыркүйекте сағат 23:15 шамасында Лисаков қаласында мейрамхана маңында азамат Р. елдімекенде және оған арналмаған орында пиротехникалық бұйымдарды қолданған. Бұл әрекеті жеке тұлғалардың тыныштығын белгіленген тәртіпті бұзған. Сот отырысында Р. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол отшашуды некелесуіне байланысты жасағанын айтты.
Істің мән-жайын және құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып Р. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл тағайындалды. Айыппұлдың мөлшері ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінде көзделген шектерде азайтылып, жалпы сомасы 55 048 теңгені құрады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Жамбыл облысында әйел адам сот арқылы экс-күйеуін несие төлеуге мәжбүрлеуге қол жеткізгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:18, 13 мамыр 2026
Сәбиді Таиландтан шұғыл түрде Алматыға жеткізді
-
15:05, 13 мамыр 2026
Көкшетаудағы адам өліміне әкелген жол апаты: көлік иесіне қандай жаза қаупі бар
-
14:57, 13 мамыр 2026
Бақбақты жұлғаны үшін 13 млн теңге айыппұл: сирек кездесетін өсімдікті кәдімгі бақбақтан қалай ажыратамыз
-
14:43, 13 мамыр 2026
ІІМ Қызылордадағы колледж студентінің өліміне қатысты пікір білдірді
-
14:34, 13 мамыр 2026
Қазақстандағы АЭС: су радиациялық ластанудан қалай қорғалады





