Қостанай облысында қазандық жарылып, Мәдениет үйі бүлінді
© Фото: zakon.kz
2024 жылы 6 қарашада Қостанай облысындағы Мәдениет үйінің қазандығы жарылып, ғимарат бүлінді. Бұл туралы ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі Zakon.kz-ға ұсынды.
Үйінді астынан 55 жастағы ер адам құтқарылды. Ол бірден ауруханаға жатқызылды. Зардап шегушіні Арқалыққа жеткізу үшін дәрігерлер мінген тікұшақ көкке көтерілді.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыс болған кезде ғимаратта өзге адамдар болмаған.
Амангелді ауданының әкімдігі аталған оқиғаға қатысты толыққанды мәлімет ұсынды.
"Аман-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты N2 қазандық 2 қабатты үш тұрғын үйді және әкімшілік ғимараттарды (сот, мұражай, мәдениет үйі) жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Сол қазандықтағы 2022 жылы орнатылған жылу қазандығы жарылып, оқыс оқиға орын алды. Оқиға барысында 1969 жылы туған науқас Амангелді аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Науқасты аудандық ауруханадан Арқалық қаласындағы өңірлік ауруханаға жеткізу мәселесін шешу және емдеу шараларын реттеу мақсатында санитарлық авиация арқылы ауданға анестезиологтар бригадасы жіберілді", - деді аудан әкімі Қ. Кеделбаев.
Жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін бір тәулік ішінде дайын контейнерлік типтегі блоктық-модульдық қазандық орнатылатыны да нақтыланады.
"Сондай-ақ, қалпына келтіру жұмыстары кезінде қазандыққа қосылған үйлердің тұрғындарына жылумен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Тұрғындар жылусыз қалмайтын болады", деп сендіреді жергілікті әкімдіктегілер.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:15, 6 қараша 2024
Ақтөбе облысында қатты боран болып, бақташы адасып кетті
-
19:43, 6 қараша 2024
Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды
-
19:30, 6 қараша 2024
Ақтөбеде сапасыз жүргізілген құрылыс кесірінен мемлекетке 337 млн теңге шығын келді
-
19:18, 6 қараша 2024
Өзбекстанда таудан құлаған үлкен тас іші адамға толы көлікті басып қалды
-
19:09, 6 қараша 2024
Таразда жұмыстан заңсыз босатылған күзетші сотқа жүгініп, жұмыс берушіден өтемақы өндіріп алды