Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен еліміздің оңтүстік өңірінде жүр

16:55, 24 қыркүйек 2022

© Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен Қызылорда облысындағы әскери нысандарда болып, Түркістан қаласына сапар шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылордада қорғаныс ведомствосының басшысына әскери бөлімнің атқаратын міндеттері мен жауынгерлік мүмкіндіктері, оқу-жаттығу жауынгерлік қызметінің барысы туралы баяндалды. Министр әскери инфрақұрылым нысандарының жағдайына ерекше назар аударып, штабтың жұмысымен, әскери қызметшілердің тамақтану жағдайымен танысты. Сондай-ақ генерал-полковник Руслан Жақсылықов жауынгерлік машиналар паркіндегі әскери техниканың жай-күйі мен оларды ұстау тәртібін, қаруды сақтау жағдайын тексерді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы оқу-жаттығу алаңдарын аралап, олардың практикалық сабақтарға дайындығын да тексерді.

Сапар соңында министр жеке құрамның жауынгерлік оқу сапасын арттыру, жауынгерлік даярлықтың оқу-материалдық базасын жетілдіру, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде бірқатар нұсқаулар берді. ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Түркістанда Қорғаныс министрі Халықаралық әуежай ғимараты мен «Түркістан» әскери секторын салуға жоспарланған аумақты аралап көріп, алдағы жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!