Көненің көзі: Павлодар тұрғыны ескі заттардың бірегей коллекциясын жинады
© Сурет: pexels
Көне арбаның дөңгелектері, аспа шамдар, қоңырау, қол диірмен және иінағаш. Есіктен кіргеннен көзге оттай басылатын бұл заттарды Павлодар қаласының тұрғыны Александр Монастырскийдің ауласынан көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"24KZ" телеарнасының мәліметінше, коллекционердің 30 жыл бойы жинаған көне заттары тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлерден кем түспейді. Павлодар тұрғыны түрлі тарихи кезеңдерге сәйкес келетін бірегей заттардың топтамасын жинақтаған. Көне жәдігерлердің арасында кітаптар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ және алғашқы тұрмыстық техникалар бар. Ол ескі радиоқабылдағыштар, алғашқы теледидарлар, тоңызытқыштар және басқа заттар. Бір сөзбен айтсақ, кезінде екінің бірі қол жеткізе алмаған құнды дүниелер сақталған.
Аулаға кіре берісте үлкен арба тұр. Өткен ғасырдың орта тұсында Баянауыл ауданынан жеткізілген көлік қазір жәдігерге айналған. Александр оны қалпына келтіріп, есігінің алдына жайғастырыпты. Коллекционердің айтуынша, көне заттарға қызығушылық 30 жыл бұрын дөңгелектен басталыпты.
Салмағы 125 келі болатын шойыннан құйылған құмыра кезінде қаланың көрікті жерлерінде тұрған екен. Ал иінағаштың зауытта жасалғанын айтады. Қол диірмен, саба, жез самауырлар, алғашқы тігін машиналары, қабырға сағаттары мен радиоқабылдағыш және ескі теледидарлар үй ішіндегі музей қорында сақталған.
"Мен көп дүниелерді гараж, жертөле сияқты ылғалы көп жерден табамын. Олардың көбі көгеріп, тот басып кетеді. Қайтадан қалпына келтіруге тырысамын". Александр Монастырский, қала тұрғыны
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтардың тағы бір жер сілкінісін тіркегендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 14 наурыз 2026
Атырау облысында былтыр 55 әлеуметтік нысан салынды
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады





