Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады
Дау-дамайы көп жайлау – Көкжайлауда жекенің құрылысы жүрмейді. Айрықша қорғалған аймақты ұлттық парк аумағына қайтару жұмысы бітуге жақын қалды. Ұлттық парк өкілдері қазір жер телімдерін толығымен қайтарып алу үшін тек тиісті құжаттарға қол қойса болғаны. Осылайша тау-шаңғы курортын салу үшін кезінде бөлінген мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайта өтетін болды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Тауға шығып серуендегенді ұнататындар үшін ждағымды жаңалық. Көкжайлауда бұдан былай ешқандай күрделі құрылыс салынбайды. Жабайы табиғат аясы бүлінбеген күйі "Іле Алатау" ұлттық паркіне берілуде".
"Көкжайлау" жобасы басталмай жатып дауға тудырған болатын. Табиғат жанашылары мен экологтар бұл қаланың тынысын тарылтумен бірдей деп өре түрегеліп, наразылық білдірді. Осылайша, тараптардың текетіресіне Президен нүкте қойған болатын.
Бір жылдан бері кезінде ұлттық парктен алынған жерлерді қайтару жыр болған еді. Қазір бұл процесі аяқталуға таяп қалыпты. Орманшылар ол жерлердің әр өсімдігіне дейін жақсы білеміз, абырой болғанда бірде бір ағаш кесілмеді деп отыр.
Райхан Мұхамеджанова, "Іле Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аға орманшысы:
Қазір жұмыстар жүріп жатыр. Сол өткізілген 1002 гектар қайтадан біздің ұлттық парктің орман қоры аумағына аударылады. Қазіргі таңда Медеу филиалының үш орманшылығынан бөлініп алынған жерлер, сол жерлер сол бойында болашақта қайтып өзімізге келеді.
Ал өткен жылы Іле-Алатау паркінің біраз бөлігі 49 жылға инвесторларға жалге берілген болатын. Бүгін алғашқы визит орталығы ашылды. Екі аптаның ішінде бұл жерге 300-ден астам адам келіп үлгеріпті. Жалғыз аяқ жолдар мен туристік бағыттан туралы ақпарат беріп, тамақтанып, тынығуына болады.
Рашида Шайкенова, қазақ туристік қауымдастығының директоры:
Шетелдік және отандық саяхатшылар бұл жерден қажетті ақпараттар, тиісті бағыттар туралы сәліметтер алатын болады. Атап айтқанда, жалғыз аяқ жолдардың бағымен қашықтығы, қандай сүрлеулері бар сақтану жолдары көрсетіледі.
Инвесторлар туристерді тарту үшін барынша жағдай жасауды көздеуде. Өткен жылы 900 миллион теңге жұмсаса, биыл жыл соңына дейін 2 миллиард теңге инвестиция салуды көздейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:04, 6 наурыз 2026
Өзбекстан Дубайдағы IT мамандарын өзіне тартуда
-
22:58, 5 наурыз 2026
Алматы әуежайы әйелге тұрақ үшін 128 мың теңге есептеген
-
22:06, 5 наурыз 2026
Артур Смағұлов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетті
-
21:40, 5 наурыз 2026
Ғұсман Қырғызбаев пен Әбиба Әбуҗақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды
-
21:01, 5 наурыз 2026
Таяу Шығысқа елдеріне әуе рейстері 10 наурызға дейін тоқтатылды





