Көкшетауда есірткі тасымалдаған азамат бас бостандығынан айырылды
© Фото: Zakon.kz
Көкшетау қаласының 20 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Жас жігіт есірткі тасымалымен айналысқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық оқиға 2024 жылдың қазан айында басталған. Жас жігіт интернет арқылы "жұмыс берушімен" байланысып, мобильді қосымша арқылы тапсырмалар алып отырған.
Белгісіз куратор оған психотроптық заттарды сатып алып, алдын ала көрсетілген мекенжайларға жасырын түрде жеткізу керектігін түсіндірген.
Бірінші тапсырмасын орындап үлгермей, күдікті полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Жедел іздестіру шаралары барысында одан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткісі табылып, тәркіленді.
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, бұл қадамға жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендіктен барғанын айтты.
Алайда мұндай "табыс" оған 7 жылға бостандықтан айырылу жазасын алып келді. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Полицейлер жастарды жеңіл табысқа алданып, өмірін құрдымға жібермеуге шақырады.
Айта кетейік, биыл Ақмола облысында осындай 23 есірткі тасымалдаушы ұсталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:50, 12 мамыр 2026
Атырауда автокөліктің қарсы бағытқа шығу дерегі дрон арқылы анықталды
-
22:11, 12 мамыр 2026
Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо «Қайраттан» кетті
-
21:47, 12 мамыр 2026
Астанада 13 жастағы жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, мешітте түнеп шыққан
-
21:04, 12 мамыр 2026
Ауа райы күрт нашарлайды: Қазақстанда сәрсенбіде қай өңірлерде ескерту жасалды
-
20:36, 12 мамыр 2026
Billie Jean King Cup Junior: Қазақстан жасөспірімдері Гонконгты жеңіп, топтан шығу мүмкіндігін сақтады





