Айбота Ертайқызы: Азия чемпионатының финалында сәтті өнер көрсеткеніме қуаныштымын
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жарыстан кейін спортшы финалда қателік жібермей өнер көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Азия чемпионатының жекелей көпсайыстағы финалы аяқталды. Бұл өте жауапты сын еді. Ерекше толқу болды. Соған қарамастан, өзімді қолға алып, сәтті өнер көрсете алғаныма қуаныштымын. Нәтижесінде төрт жаттығудың барлығын да қатесіз орындап шықтым.
Осы жарысқа дайындық барысында қолдау көрсетіп, көмектескен жеке бапкеріме және Әлия Юсуповаға алғысымды білдіремін. Командам мен жаттықтырушылар құрамының еңбегін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Олардың қолдауы болмаса, мұндай нәтижеге жету де мүмкін болмас еді", – деді Ертайқызы.
Финалда Айбота Ертайқызы жалпы есепте 113,65 ұпай жинады. Бұл – оның Бішкектегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол командалық көпсайыста күміс медаль алған болатын.
Ертең, 26 мамырда гимнаст жекелей жаттығулардағы финалдық сайысқа қатысады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 25 мамыр 2026
Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады
-
21:34, 25 мамыр 2026
Путинцева «Ролан Гаррос-2026» турнирінде аустралиялық қарсыласынан басым түсті
-
20:56, 25 мамыр 2026
Сейсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:25, 25 мамыр 2026
Астанада полиция есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады
-
19:55, 25 мамыр 2026
Абай облысында таңертең жоғалып кеткен бала даладан табылды





