Көкшетауда аязды күні жолда қалып кеткен Тәжікстан азаматтары құтқарылды
© Сурет: видеодан алынды
2026 жылы 17 қаңтарда Көкшетауда қалааралық автобустағы шетелдік жолаушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, қатты аяз бен жол жағдайының қауіпті болуына байланысты Ақмола облысының Көкшетау қаласында қалааралық автобус тоқтауға мәжбүр болды. Автобус салонында 81 шетел азаматы, оның ішінде 17 бала болды. Барлық жолаушылар — Тәжікстан Республикасының азаматтары.
"ТЖМ қызметкерлері полициямен бірлесіп адамдарды эвакуациялап, оларды бейімдеу орталығына және қалалық қонақүйге орналастырды. Жолаушыларға қажетті көмек көрсетілді. Эвакуацияланғандар құтқарушыларға жедел әрекеттері мен қолдаулары үшін алғыс білдірді", делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбе облысында Ресей – Тәжікстан бағытына қатынайтын, шетелдік туристер толы автобус қатты аязға байланысты Қарабұтақ – Қостанай тас жолының жиегіне тоқтауға мәжбүр болғанын жазғанбыз. Жергілікті полицейлер Van Hool автобусында 46 адам, оның ішінде екі жүргізуші болғанын анықтады. Жолаушылардың арасында бес әйел мен бес бала да бар (барлығы шетел азаматтары). Көліктің тоқтауына қатты аяз салдарынан дизель отынының қатуы түрткі болған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 17 қаңтар 2026
Екібастұзда мұз жарылып, балықшылар Delica көлігімен суға түсіп кетті
-
12:46, 17 қаңтар 2026
Қаныш Әбубәкіров ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды
-
12:46, 17 қаңтар 2026
Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болды
-
12:29, 17 қаңтар 2026
Астанада екіқабатты коттедж өртенді
-
12:19, 17 қаңтар 2026
Атырауда жоғалып кеткен бір отбасы мүшелері: апалы-інілі екі адамды іздеу тоқтатылды





