Астанадағы әлем чемпионаты: «классик» Исхар Курбаев жартылай финалға өтті

17:26, 24 қазан 2026
MKZ: 1574200

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті.

Кездесуде Исхар Курбаев 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) жартылай финалға өткен еді.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 24 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!