Қимыл-қозғалысы уақытша шектелген балалар қажетті көмекші құралдармен қамтамасыз етіледі
© Фото: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі ауру салдарынан қимыл-қозғалысы уақытша шектелген балаларды техникалық көмекші және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларын әзірледі. Бұл қағидалар мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды.
Жобаға сәйкес, балаларға кресло-арбалар, балдақтар, жүріс арбалары, таяқтар, тіреуіштер мен тұтқалар уақытша пайдалануға беріледі.
Қажетті құралдарды бала тіркелген алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы арқылы алуға болады.
Министрліктің мәліметінше, жаңа шара балаларды сауығу кезеңінде жүріп-тұруға және сүйенуге қажетті құралдармен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл кешенді көмектің қолжетімділігін арттырып, баланың күнделікті тіршілік әрекеттерінің тұрақты шектелуі мен мүгедектіктің туындау қаупін азайтуға көмектеседі.
Басты мақсат – мүгедектік белгіленгенін күтпей, балаға қажетті көмекті дер кезінде көрсету.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Қоғамдық талқылау 16 қазанға дейін жалғасады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:51, 2 қазан 2026
Бөкей ордасының 225 жылдығына орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтті
-
15:43, 2 қазан 2026
«Семей орманындағы» жемқорлық: ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр
-
15:32, 2 қазан 2026
Алматыда әйел өз ұлынан қорлық көріп, үйінен қашып шыққан: полиция мән-жайды анықтап жатыр
-
15:27, 2 қазан 2026
«Қорқынышты фильмнен шыққандай»: 18 жастағы қазақстандық Париж подиумына көзі жұмулы күйде шықты
-
15:15, 2 қазан 2026
Алматыда жаңа тоғай пайда болады





