Кәсіпкерге Ақтөбе орталық саябағында жер учаскесі заңсыз берілген

12:43, 17 қыркүйек 2024

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2024 жылғы 17 қыркүйекте Ақтөбе қаласындағы 1,4 га жер учаскесінің кәсіпкерге заңсыз берілу фактісі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, заңсыз берілген жер Орталық паркте орналасқан.

"Жүргізілген тексеріс барысында Ақтөбе қаласының Орталық паркінде орналасқан 1,4 га жер учаскесінің жеке кәсіпкерге заңсыз берілгендігі анықталды. Прокуратура органдары мен департаменттің қабылдаған шаралары нәтижесінде бұл жер учаскесі сот шешімімен мемлекетке қайтарылды". ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сондай-ақ, министрлік жоғарыда аталған жер учаскесін қайтару қалалық парктегі жасыл аймақты сақтап қалуға, сондай-ақ қала тұрғындарының жалпы пайдаланудағы жер учаскелеріне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Ал, СҚО прокурорлары жыл басынан бері мемлекетке 497 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!