Қазіргі заманғы құлдықтың жаһандық индексі бойынша рейтинг: Қазақстан қай орында
© Сурет: pexels
Қазақстан қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және онымен күресу жүйесін жетілдіруді жалғастырып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тәуелсіз World Population Review ұйымы 2025 жылға арналған қазіргі заманғы құлдықтың жаһандық индексі бойынша ақпарат дайындады.
Оған сүйенсек, Қазақстан қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүйесінің тиімділігі бойынша ТМД елдерінің басым бөлігін, сондай-ақ Қытай мен Түркияны басып озды.
Есептеулер қалай жүргізіледі
"Қазіргі заманғы құлдық" ұғымы адамдарды өз еркіне қарсы пайдалану мен қанауды білдіреді. Бұл:
- адамдарды ұрлап әкету, бостандығынан айыру және кейіннен қанау сияқты дәстүрлі құлдық түрлері;
- мемлекеттік органдар тарапынан мәжбүрлі еңбекке тарту;
- қарыздық тәуелділік салдарынан туындайтын мәжбүрлі еңбек түрінде көрініс табуы мүмкін.
Осы құбылысты зерттеу аясында World Population Review сарапшылары қорытынды индексті үш негізгі критерий бойынша есептейді:
- Осалдық – ел халқының мәжбүрлі еңбекке ұшырау деңгейі;
- Таралуы – 100 000 адамға шаққандағы мәжбүрлі еңбек жағдайларының саны;
- Үкіметтің әрекеті – мемлекеттегі қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және онымен күрес жүйесінің тиімділігі.
Алынған нәтижелер біріктіріліп, 1-ден 100-ге дейінгі аралықта орташа сан шығарылады. Мұнда 1 балл – ең жоғары тиімділік көрсеткіші болып есептеледі.
ТМД елдері арасындағы орындар
ТМД аумағында қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүйесі ең тиімді ел – Беларусь. Ол жаһандық рейтингте 59-орында, қорытынды индексі – 41 балл.
Екінші орында – Қазақстан (жалпы рейтингте 61-орын, қорытынды индексі – 42 балл), ал үшінші орында – Армения (82-орын, 48 балл).
Одан кейінгі орындарда:
- Қырғызстан (98-орын, 55 балл),
- Өзбекстан (100-орын, 56 балл),
- Әзербайжан (105-орын, 57 балл),
- Ресей (118-орын, 57 балл),
- Тәжікстан (135-орын, 67 балл).
Рейтинг көшбасшылары мен соңғы орындар
World Population Review сарапшыларының бағалауынша, рейтингтің көшбасшылары:
- Норвегия (қорытынды индекс – 1 балл),
- Финляндия (5 балл),
- Нидерланд (6 балл).
Қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және онымен күресу жүйесі ең тиімді алғашқы он елдің қатарына сондай-ақ мыналар кіреді: Португалия (6 балл), Дания (6 балл), Австралия (7 балл), Швеция (7 балл), Австрия (8 балл), Жаңа Зеландия (8 балл) және Ирландия (9 балл).
Ал АҚШ бұл рейтингте 35-орында (26 балл), Қытай – 69-орында (46 балл), Түркия – 86-орында (51 балл) тұр.
Рейтинг бойынша қазіргі заманғы құлдықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүйесі ең тиімсіз елдер:
- Сомали (98 балл),
- Орталық Африка Республикасы (98 балл),
- Оңтүстік Судан (100 балл) болып танылды.
Бұған дейін Қазақстан визалық режимдерді жеңілдетуге басымдық беруді жалғастыруда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:31, 19 қаңтар 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға жүгініп, мәлімдеме жасады
-
18:20, 19 қаңтар 2026
Жұманғарин экономиканы жақсарту жағынан Трамп әкімшілігі қолданатын әдістерді мақтады
-
17:58, 19 қаңтар 2026
Алматыда тұрғын үйге жапсарлас салынған заңсыз қосалқы нысан сүрілді
-
17:41, 19 қаңтар 2026
Сарапшы теңгені кезең-кезеңімен девальвацияға ұшыратуды ұсынды. Бұл ретте Үкімет не дейді
-
17:07, 19 қаңтар 2026
«Боран соғып, 40 градус аяз болады». Еліміз бойынша 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы





