Қазақтың шапаны Уилл Смиттің иығында: қазақстандық блогердің тосын сыйы
© Сурет: видео скрині
Қазақстандық блогер әрі саяхатшы Дастан Мұхамедрахым Дубайда өткен халықаралық шарада әйгілі актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық шапанын сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
@bydastann никнеймімен танымал контент жасаушы әлемдік деңгейдегі блогерлер мен қоғам қайраткерлері жиналған Instagram ұйымдастырған іс-шараға арнайы шақырылған. Сол кеш барысында Дастан кино жұлдызымен жүздесіп, қазақ мәдениетінің символы саналатын шапанды тосыннан табыстаған.
Блогердің айтуынша, ол бұл қадамға алдын ала дайындалған. Уилл Смит сахнаға шығуға аз уақыт қалғанда, Дастан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жоспарын бөлісіп, алдыңғы қатарда отырып, шапанды дайындап қойғанын жеткізген.
"Уилл Смит қазір бес минуттан кейін шығады. Мен алдыңғы қатарға отырып, шапанды дайындап отырмын және оны оған кигізуге тырысамын. Мен үшін дұға етіңіздер", - деді Дастан іс-шара алдында.
Актер өнер көрсетіп болған соң, қазақстандық блогер сахнаға көтеріліп, көптің көзінше Уилл Смиттің иығына шапан жапқан. Оқиға өте жылдам әрі аяқ асты болған.
Іс-шарадан кейін Дастан бұл сәттің өзі үшін ерекше әсер қалдырғанын айтты. Оның сөзінше, сол сәтте актермен жақын арада тілдесіп, естелікке кадр түсіруге мүмкіндік алған жалғыз адам өзі болған.
Әлеуметтік желілерде тараған видеолар мен кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, қазақтың ұлттық киімі әлемдік жұлдыздың үстінде көрінуі көпшіліктің көңілінен шықты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:26, 11 қаңтар 2026
Алматы облысында мал ұрлығының бірқатар дерегі анықталды
-
17:46, 11 қаңтар 2026
Ирандағы наразылықтар кезінде қаза тапқандар саны 116 адамға жетті
-
17:38, 11 қаңтар 2026
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы бойынша тыңдау қашан өтеді
-
17:08, 11 қаңтар 2026
Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:30, 11 қаңтар 2026
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы футзал матчында жаппай төбелес болды





