Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты сәтті бастады

11:18, 11 қаңтар 2026

© Сурет: ktf.kz

Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) АТР 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында әлемнің 98-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернердің мысын басты.

Шевченко 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Табернер 1 эйспен шектелді.

Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 79-ракеткасы, аустралиялық Филип Мисоличпен сынға түседі. Оны ұтқан жағдайда негізгі додаға жолдама алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!