Қазақстанның 12 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады: «Қазгидромет» ескерту жасады

09:05, 3 қараша 2026
MKZ: 1575643

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Синоптиктер 2026 жылғы 3 қарашада Қазақстанның бірқатар қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайтынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 3 қарашада мына қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі:

  • Қарағанды;
  • Жезқазған;
  • Балқаш;
  • Теміртау;
  • Орал;
  • Атырау;
  • Ақтөбе;
  • Шымкент;
  • Түркістан;
  • Талдықорған;
  • Алматы;
  • Астана.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайлар атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.

Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. Кей жерлерде ауа температурасы -7 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!