Қазақстанның екі облысындағы республикалық маңызы бар екі жол жабылды

18:18, 18 наурыз 2025

© Сурет: Zakon.kz

2025 жылғы 18 наурыз сағат 18:00 жағдай бойынша екі облыстағы республикалық маңызы бар екі автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығында (Қандыағаш қаласынан Ембі қаласына дейін)

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы)

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 724 арнайы техника мен 2 163 маман жұмылдырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!