Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдейді

12:23, 20 шілде 2026
MKZ: 1557004

© Фото: pixabay

21-23 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы төмендей бастайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Метеорологтардың болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғуы мүмкін.

Жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы біртіндеп төмендейді:

  • еліміздің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз +20...+30 градус;
  • орталық және шығыс өңірлерде +22...+35 градус;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27...+35 градус болады.

Ал батыс өңірлерде Ираннан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен аптап ыстық әлі де сақталады. Бұл аймақтарда күндіз ауа температурасы +30...+42 градусқа дейін көтеріледі.

Айта кетейік, аптап ыстық әлі де сақталып тұрған Алматыда күндізгі ауа температурасы бойынша тарихи рекорд жаңарды. Қалада ауа температурасы +43,4 градусқа жеткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!