Қазақстанның азаматтық авиациясындағы ұшу қағидалары: не өзгерді және кімдерге қатысты
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көлік министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен ҚР азаматтық авиациясында ұшуды орындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, қағидалар жаңа тармақтармен толықтырылды.
Оларға сәйкес, пайдаланушы ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді немесе ұшу диспетчерін мына жағдайларда кезекшілікке тағайындамайды:
- пайдаланушының ұшуды орындауды бақылау және қадағалау әдісінің барлық өзіндік ерекшелігін қамтитын даярлық курсынан қанағаттанарлық нәтижемен өтпесе;
- алдыңғы 12 ай ішінде өзі ұшуға басшылық етуге уәкілетті аудандардың бірінде әуе кемесінің экипаж кабинасында бір бағытта кемінде бір біліктілік ұшуын орындамаса. Мұндай ұшу мүмкіндігінше көп әуеайлаққа қонуды қамтуға тиіс;
- пайдаланушының Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулығының мазмұнын, қолданылатын әуе кемесінің радио және навигациялық жабдықтарын білетінін көрсетпесе;
- өзі жауапты әрі ұшуға басшылық етуге уәкілетті аудандардағы маусымдық метеорологиялық жағдайларды, метеорологиялық ақпарат көздерін, ауа райының әуе кемесіндегі радиобайланысты қабылдауға әсерін, пайдаланылатын әрбір навигациялық жүйенің ерекшеліктері мен шектеулерін және әуе кемесіне жүк тиеу жөніндегі нұсқаулықтарды білетінін көрсетпесе;
- диспетчерлік міндеттерді орындауға қатысты адам факторы саласындағы білімі мен дағдыларын көрсетпесе;
- ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің міндеттерін орындай алатынын көрсетпесе.
Біліктілік ұшуы кезінде ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері ұшу экипажының ішкі сөйлесу байланысы мен радиобайланысын тыңдап, экипаждың іс-қимылын бақылай алуға тиіс.
Пайдаланушы Ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықта ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді немесе ұшу диспетчерін даярлау курсы туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді белгілейді.
Сонымен қатар пайдаланушы ұшу және кабиналық экипаж мүшелерінің ұшу уақыты, қызметтік ұшу уақыты, қызметтік уақыты мен демалыс уақыты туралы деректерді кемінде үш жыл сақтауға міндетті екені нақтыланды. Бұл деректер ҚР азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес есепке алынады.
Егер пайдаланушы шаршауға байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін тәуекелдерді басқару жүйесін (FRMS) енгізсе, ол:
- жүйеде ғылыми қағидаттар мен білімді қолдануға;
- шаршауға байланысты қауіпсіздікке қатер төндіретін факторларды және олардан туындайтын тәуекелдерді тұрақты түрде анықтауға;
- анықталған қауіпті факторларға байланысты тәуекелдерді тиімді төмендетуге қажетті түзету шараларын уақтылы енгізуге;
- шаршауға байланысты тәуекелдерді төмендету шараларының тиімділігін үздіксіз бақылап, жүйелі түрде бағалауға;
- FRMS жүйесінің жалпы тиімділігін ұдайы арттыруға міндетті.
FRMS жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар ҚР азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларында белгіленеді.
Пайдаланушы FRMS жүйесін уәкілетті ұйым бекіткен және жариялаған, пайдаланушыларға арналған техникалық нұсқаулық материалдарға сәйкес әзірлеп, енгізеді.
Сондай-ақ пайдаланушы ұшу және кабиналық экипаждың барлық мүшелерінің ұшқан сағаттарын, ұшу уақытын, қызметтік ұшу уақытын, қызметтік уақытын және демалыс уақытын есепке алатыны көрсетілген.
Бұйрық 2026 жылғы 22 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 12 қараша 2026
Қар, үсік және +14°С: үш мегаполисте алдағы күндері ауа райы қандай болады
-
15:08, 12 қараша 2026
2040 жылға қарай әлем экономикасы қалай өзгереді және Қазақстан қандай орынға ие болады
-
14:55, 12 қараша 2026
«Супермакарон» жобасына бөлінген миллиард теңгеге қатысты іс: алматылық әйелдің мүлкіне тыйым салынды
-
14:46, 12 қараша 2026
Газ қазандығын жөндемек болған қазақстандық 20 млн теңгесінен айырылды
-
14:35, 12 қараша 2026
Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды





