Қазақстаннан Түркияға жаңа әуе рейсі ашылады

15:24, 16 қыркүйек 2026
MKZ: 1567188

© Фото: unsplash

Түркияның SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2026 жылғы 16 қыркүйекте ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.

Сонымен қатар 25 қазаннан бастап SunExpress Алматы – Измир бағытындағы рейстер санын аптасына екіден үшке дейін арттырады.

Бұған дейін қазақстандықтарға Дубайға ұшатын рейстерге қатысты жағымды жаңалық жарияланған еді. Қазақстанның ірі әуе компаниясы Air Astana Біріккен Араб Әмірліктеріне рейстерін қайта жандандырады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!