Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлік туралы маңызды анықтаманы қалай алуға болатыны түсіндірілді
© Фото: gov4c.kz
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мамандары бүгін, 2026 жылғы 11 қыркүйекте қазақстандықтарға жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың, соның ішінде кепіл мен тыйымның бар-жоғы туралы Ф-2 анықтамасын eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы қалай алуға болатынын түсіндірді.
Мамандар қажетті әрекеттер алгоритмін әзірлеп, түсіндірме бейнеролик жариялады.
Ф-2 анықтамасын eGov Mobile қосымшасы арқылы алу үшін:
- Қосымшаға кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" – "Жылжымайтын мүлік және ТКШ" бөлімін таңдаңыз.
- "Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер беру (2-нысан)" қызметін таңдаңыз.
- Қызметті кім үшін алатыныңызды көрсетіңіз.
- Қажетті жолдарды толтырыңыз.
- Өтінімге қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қойыңыз.
- Қызмет нәтижесін жеке кабинеттен көріңіз.
Қазақстандағы Ф-2 анықтамасы – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер қамтылған ресми құжат.
Бұл анықтама тұрғын үйдің кепілде немесе тыйымда тұрғанын, сондай-ақ оған қатысты басқа да заңдық шектеулердің бар-жоғын көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстан тұрғындарына жеке кәсібін ашқысы келіп, неден бастарын білмеген жағдайда не істеу керектігі түсіндірілген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:06, 11 қыркүйек 2026
Дамир Жалғасбай US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шықты
-
16:53, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды есепке алу тәртібі өзгерді
-
16:50, 11 қыркүйек 2026
Алматылық ару Энрике Иглесиасқа сыйлық табыстау үшін оны қонақүй алдында үш сағат күтті
-
16:44, 11 қыркүйек 2026
Бас прокуратура Қызылорда облысындағы екі жұмысшының өліміне қатысты істі қайта қарайтын болды
-
16:40, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда телефон алаяқтығы әр отбасының мәселесіне айналды – Сүлейменов





