Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі
© Фото: Zakon.kz
ҚР ДСМ "Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысуы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударылған жарналар мен аударымдар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz
Жоба мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың сақтандыру мәртебесі мен төленген аударымдар туралы ақпаратқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аталған мемлекеттік қызмет арқылы азаматтар МӘМС жүйесіндегі өз мәртебесі, сақтандырылған кезеңдері, сондай-ақ өзі үшін төленген жарналар мен аударымдар туралы нақты ақпаратты жедел ала алады.
Қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады. Бұл азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгінбей-ақ, өзіне қолайлы уақытта сақтандыру мәртебесі мен төленген төлемдер туралы мәліметті тексеруге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде 17,5 миллион қазақстандық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға төленген жарналар көлеміне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің кең ауқымына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оның ішінде:
- профилактикалық тексерулер;
- консультациялық-диагностикалық көмек;
- амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек;
- жоғары технологиялық медициналық қызметтер;
- медициналық оңалту;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтері бар.
Бұйрық жобасы 2026 жылғы 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:26, 14 шілде 2026
Ақтөбеде дүкенге тауар әкелген жүк көлігі ұрланды
-
17:16, 14 шілде 2026
БҚО тұрғынынан 3,3 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
-
16:56, 14 шілде 2026
«Үздік педагог» атағын беру тәртібі: не өзгерді
-
16:50, 14 шілде 2026
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің жағдайы қандай: Үкімет жаңа мәліметтерді жариялады
-
16:41, 14 шілде 2026
Қант тапшылығы бола ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаның қымбаттауына қатысты пікір білдірді





