Қазақстандықтарды жасанды интеллектке мектеп қабырғасынан үйретпек

16:13, 24 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 24 желтоқсанда өткен брифингте Қазақстанда жоғары технологиялық мамандар даярлау үшін балаларды жасанды интеллектпен жұмыс істеуге мектеп қабырғасынан оқыту жоспарланып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, ведомство жасанды интеллект саласындағы мамандарды ғана емес, оқушыларды да оқытуға бағытталған бірқатар білім беру бастамаларын әзірлеуде.

"Біз 3D модельдеу, бағдарламалау, графикалық дизайн және генеративті жасанды интеллект сияқты білім беру салаларының кең ауқымын қамтығымыз келеді. Менің ойымша, жоғары технологиялық және жоғары маржа салаларына мамандар даярлауды мектеп орындығынан бастау керек. Біздің мақсатымыз — білім экономикасын қалыптастыру, қоғамды интеллектуализациялау және кең форматты білім беру бастамаларын құру. Мұндай бағдарламаларды келесі жылы жасанды интеллект орталығында іске қосу жоспарлануда", — деді министр.

Ол сондай-ақ депутаттардың ChatGPT-дің мектеп оқушыларына тигізетін зияны туралы сынына түсініктеме беріп, әркімнің өз пікіріне құқығы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, ChatGPT тек зиян келтіреді деп айту дұрыс емес. Керісінше, оның мүмкіндіктері өте кең және одан көптеген пайда табуға болады.

Бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллект көмегі арқылы заңсыз қоқыс орындарымен күрес жүргізіліп жатқандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!