Қазақстандықтар Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып ала алмай әлек болуда
© Сурет: wikimedia/Firdaus Latif
Американдық әнші Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне билеттер сатылымға шықты. Алайда, сатып алушылардың көптігінен сайтта ақау пайда болып, істен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымы 2025 жылдың 11 сәуірі, жұма күні басталатыны хабарланған болатын. Олардың құны шамамен 40 мыңнан басталып, 150 мың теңгеге дейін.
Алайда, бүгін техникалық ақауларға байланысты сайт қолжетімсіз.

Сурет: ticketon.kz
"Құрметті қонақтар! Веб-сайт техникалық себептерге байланысты уақытша қолжетімсіз. Қазіргі уақытта бізге тікелей келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (727) 225-10-50, +7 (717) 247-63-50, +7 (771) 936-53-53. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және жағдайдың тез арада шешілетініне үміттенеміз. Сіздің Тикетоныңыз", – делінген сайтта.
Аздаған уақыттан кейін сайтта сіздің виртуалды кезекте тұрғаныңыз жайлы өзге ақпарат пайда болды.
"Сіз кезекте тұрсыз. Күткеніңіз үшін рахмет. Күту уақыты шамамен 4 сағаттан асады. Сайтқа кірген қолданушылар саны өте көп болғандықтан, виртуалды кезек енгізілді — бұл жүйе сайтқа бір мезгілде кіретін адамдар санын шектеп, оның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі. Браузерді жаппаңыз, бұл бет автоматты түрде жаңарады. Соңғы жаңарту: 11:47:49".

Сурет: ticketon.kz
Айта кетейік, қазақстандықтар келеңсіз жайттар болмас үшін сайттың жұмысын алдын ала жақсартуды сұраған болатын.
- Әзілдеп тұрсыздар ма?
- Ажиотаж болатынын білесіздер, неге ертерек дайындалмасқа?
- Сөзім жоқ, таңнан бері кіре алмай отырмын
- Сатып алғандар бар ма өзі?
- Ештеңеге дайын емессіздер!
- Бұдан кейін билік, өзге жұлдыздарды шақырамыз дегенді ойламай-ақ қойсын!!!
Бұған дейін Қазақстан БҰҰ-ның Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының мүшесі болып сайланғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:14, 18 сәуір 2025
Астанадағы аудандардың біріне жаңа әкім тағайындалды
-
14:06, 18 сәуір 2025
ТЖМ-ға жаңа функциялар қосылды
-
13:56, 18 сәуір 2025
«Сені де өлтіреміз деп қорқытты»: Шерзат Полаттың анасы марқұм ұлын қалай құтқармақ болғанын айтты
-
13:45, 18 сәуір 2025
Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты
-
13:33, 18 сәуір 2025
БҚО-да азамат жалған ақшамен бәс тігіп, 14 млн теңге иемденген
Танымал жаңалықтар
-
15:55, 17 сәуір 2025
-
15:11, 17 сәуір 2025
-
19:08, 17 сәуір 2025
-
18:42, 17 сәуір 2025
-
20:30, 17 сәуір 2025
-
18:22, 17 сәуір 2025
-
19:33, 17 сәуір 2025
-
19:51, 17 сәуір 2025
-
23:12, 17 сәуір 2025
-
20:51, 17 сәуір 2025
-
22:42, 17 сәуір 2025
-
21:59, 17 сәуір 2025
-
16:30, 17 сәуір 2025
-
16:23, 17 сәуір 2025
-
14:47, 17 сәуір 2025