Қазақстандық жүк тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-кодты көрсету міндеттелгені ескертілді
© Сурет: freepik
Көлікпен жүк тасымалдау алдында оны алушыға Ресей Федерациясымен арадағы шекарада көрсету үшін тауардың алдағы жеткізілімі туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, QR код алу қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өйткені 2026 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей Федерациясында тауарларды күтуді растау жүйесі (ТКРЖ) енгізіледі, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі.
"Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет. QR-коды жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс. Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тиім салу және көлік құралын қайтаруды көздейді", делінген хабарламада.
Осыған байланысты, келесі шаралар ұсынылады:
- ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;
- өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;
- QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
- құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.
МКК тасымалдауды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді және ресейлік тауар алушылармен алдын-ала өзара әрекеттесуді сұрайды.
Бұған дейін Павлодарда жүк көлігімен адамдарды заңсыз тасымалдамақ болған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:00, 27 мамыр 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамдары - 27 мамыр
-
10:27, 27 мамыр 2026
Петропавлда қыз баланың аяғы жылу батареясының қуысына қысылып қалған – видео
-
10:21, 27 мамыр 2026
Мамыр айының соңында Қазақстан халқы көктен сирек кездесетін құбылысты тамашалай алады
-
09:22, 27 мамыр 2026
Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатына ұшырап, қаза тапты
-
09:13, 27 мамыр 2026
Шығыс Қазақстан облысында жол үстінде цемент таситын жүк көлігі аударылып қалды





