Қазақстандық жас теннисші мансабындағы екінші ITF Juniors титулын жеңіп алды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Испанияда мәресіне жеткен ITF World Tennis Tour Juniors (J60 Les Franqueses del Vallès) халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен додада отандасымыз жоғары шеберлік танытты.Жарыстың 5-ракеткасы болып бағаланған 16 жасар теннисшіміз турнир кестесінде сенімді өнер көрсетті.
Ол кортта өзінен жасы үлкен әрі тәжірибелі қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Ал шешуші бәсекеде Томирис Нұржанға турнирдің 6-ракеткасы, корт қожайыны испаниялық Лилиана Четри Родригес қарсы тұрды.
Алғашқы сетте есе жібергенімен, Томирис ойын ағымын өз пайдасына бұра білді және үш партияға созылған тартысты кездесуде жігерлі жеңіске жетті. Финалдық матчтың қорытынды есебі: 4:6, 7:6, 6:2
Бұл табыс Томирис Нұржанның биылғы маусымдағы және мансабындағы ITF Juniors сериясы бойынша екінші жүлдесі. Еске сала кетейік, ол өзінің алғашқы трофейін сәуір айының басында Алжирде өткен дәл осындай J60 санатындағы турнирде еншілеген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 27 мамыр 2026
Жетісу облысында 1 мыңнан астам алаяқтық сайт бұғатталды
-
14:01, 27 мамыр 2026
Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды
-
13:40, 27 мамыр 2026
Ролан Гаррос: Елена Рыбакина екінші айналымда украиналық теннисшімен кездеседі
-
13:09, 27 мамыр 2026
ШҚО-да полицейлер тоқтатқан жеңіл көліктің жүк салғышынан төрт қой шықты
-
13:00, 27 мамыр 2026
АҚШ-та зауытта жарылыс болып, бір адам қаза тапты, тағы тоғызы табылмай жатыр





