Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) жоғары нәтиже көрсетті.
14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп алды, сондай-ақ командалық жобалық турда да бірінші орынды иеленді.
Жеңімпаздар:
- Батыр Ержанұлы – 11-сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Шығыс Қазақстан облысы;
- Ерсұлтан Қайыркен – 10-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Павлодар облысы;
- Әлихан Аширханов – 8-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Алматы қаласы;
- Дмитрий Титков – 10-сынып, №3 дарынды балаларға арналған гимназия, Павлодар облысы;
Күміс медаль
- Әлімұхаммед Саматұлы – 9-сынып, "Білім-инновация" лицей-интернаты, Павлодар облысы;
- Егор Менгулов – 10-сынып, №8 орта мектеп, Көкшетау қаласы, Ақмола облысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:55, 27 шілде 2026
Шекарада кезекке тұрғысы келмеген көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты
-
21:26, 27 шілде 2026
«Өрт қаупі жоғары». Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:54, 27 шілде 2026
«Көрсетілген процедурадан кейін адамның жағдайы нашарлаған». Ақтауда медициналық орталық жазаланды
-
20:44, 27 шілде 2026
Грант бойынша міндеттемесін орындамаған студент мемлекетке тұрақсыздық айыбын төлемейтін болды





