Қазақстандық хоккей клубы Еуропа әйелдер лигасының финалына шықты
© Сурет: Хоккей федерациясының баспасөз қызметі
Алматының "Айсұлу" хоккейшілері Еуропаның әйелдер хоккей лигасының (EWHL) биылғы маусымының финалистері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық команда жартылай финалдың екінші матчында Оңтүстік Тирольдің "EVB Eagles" командасынан 2:4 есебімен жеңілгеніне қарамастан, алғашқы ойында 3:0 есебімен басым түсіп, екі матчтың жалпы нәтижесі бойынша (5:4) турнирдің финалына жолдама алды.
Алматылық клуб алтын медаль үшін финалда Австрияның Санкт-Пельтен қаласынан барған "Sabres" командасымен кездеседі.
Алғашқы матч 21 наурызда, ал қарымта ойын 23 наурызда өтеді. Қарсылас команда жартылай финалда чемпионаттың турнирлік кестесінде көш бастап тұрған Словакияның ПСРЗ (Братислава) командасын жарыстан шығарған болатын.
"Айсұлу" клубының сапында Қазақстан құрамасының сегіз ойыншысы бар.
Олар ақпан айында Харбинде өткен қысқы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған спортшылар: Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова, Малика Алдабергенова, Пернеш Әшімова, Алина Иванченко, Татьяна Королева және Лариса Свиридова.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:30, 19 наурыз 2025
Шетелдік грант иегерлері туралы саясаттанушы – бұл кісілерге бірқатар моральдық сұрақтар бар
-
16:21, 19 наурыз 2025
Алматыдағы жаңа метро станциясының құрылысы қашан аяқталады
-
16:11, 19 наурыз 2025
Жамбыл облысында мал ұрылары бас бостандығынан айырылды
-
16:06, 19 наурыз 2025
Депутат: Шетелден грант алғандар елдің ішкі ісіне өрескел араласты
-
15:51, 19 наурыз 2025
Наурыздың 19-ы күнгі сауда-саттық барысында доллар бағамы қайта көтерілді
Танымал жаңалықтар
-
18:10, 18 наурыз 2025
-
19:05, 18 наурыз 2025
-
17:35, 18 наурыз 2025
-
21:50, 18 наурыз 2025
-
17:14, 18 наурыз 2025
-
19:31, 18 наурыз 2025
-
18:42, 18 наурыз 2025
-
20:11, 18 наурыз 2025
-
16:51, 18 наурыз 2025
-
17:49, 18 наурыз 2025
-
18:18, 18 наурыз 2025
-
18:22, 18 наурыз 2025
-
19:46, 18 наурыз 2025
-
20:42, 18 наурыз 2025
-
16:41, 18 наурыз 2025