Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Тиранада (Албания) күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.
72 келіге дейінгі салмақта Жәмилә Бақбергенова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Ал грек-рим күресінің өкілі Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Зейнеп Баянова (50 келіге дейін) мен Лаура Алмағамбетова (55 келіге дейін) чемпион атанған еді.
Сондай-ақ әйелдер құрамасының қоржынына екі қола жүлде түсті. Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Гүлмарал Еркебаева (76 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына жайғасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 1 наурыз 2026
Қазақстандық алты боксшы Странджа кубогының алтын медалі үшін сынға түседі
-
12:44, 1 наурыз 2026
Трамп Иранның жойқын шабуыл жасау туралы ескертуіне жауап берді
-
12:16, 1 наурыз 2026
1 наурыздағы Алматы мен Астанадағы валюта бағамы
-
11:04, 1 наурыз 2026
Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте 2,5 млн долларлық алаяқтыққа күдікті ұсталды
-
10:30, 1 наурыз 2026
Алматыда 1 наурыз күні «Астана» алаңы жабылады





