Қазақстандағы барлық ауыл қашан интернетке қосылады
© Фото: pexels
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев 2026 жылғы 24 қарашада Үкімет отырысында елдегі ауылдарды, соның ішінде қатынауы қиын елді мекендерді интернетпен қалай қамтуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 6 060 ауыл бар. "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы аясында 2026 жылдың соңына қарай талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған ауылдар саны 3 704-ке жетеді. Бұл – елдегі барлық ауылдың 61%-ы.
"Келесі жылы тағы 1 863 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде ауылдардың 92%-ы осы желімен қамтылады. Қалған 8%-ы – қатынауы қиын ауылдар. Оларға спутниктік интернет қосылады. Жобаның іске асырылуы ерекше бақылауда. Сондықтан "Қазақтелеком" жұмыс қарқынын арттырып, жоспарланған шаралардың барлығын белгіленген мерзімде аяқтауы қажет", – деді Жаслан Мәдиев.
Бұған дейін Жаслан Мәдиев үш жылда телекоммуникация саласына салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн теңгеден асатынын хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:52, 24 қараша 2026
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатылды
-
11:46, 24 қараша 2026
Қазақстандықтардың басым бөлігі елдің даму қарқынын жоғары бағалайды – әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері
-
11:40, 24 қараша 2026
Бектенов Aitu ұлттық мессенджерін енгізу жұмысының баяу жүріп жатқанын сынға алды
-
11:31, 24 қараша 2026
Астана, Алматы және Шымкенттің айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:22, 24 қараша 2026
Мәслихат төрағасының үйіне қарулы шабуыл жасағандар туралы іс бойынша үкімнің күші жойылды





