Қазақстанда жүздеген жаңа су көзі анықталды
© Фото: pexels
Қазақстанда жерасты суларын түгендеу барысында 700-ден астам жаңа бұлақ анықталды. Бұл елдің сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі Қазақстан аумағындағы барлық бұлақтарды түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Алдын ала деректерге сәйкес, бүгінгі күні 711 әлеуетті бұлақ айқындалған.
"Сонымен қатар, қор және архивтік материалдар негізінде ел аумағындағы 2772 бұлақтың картасы жасақталды. Айта кету керек, су ресурстары тапшылығы жағдайында бұлақтар қосымша су көзі ретінде қарастырылады", – делінген ведомствоның 2026 жылғы 23 ақпандағы хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда ауызсу және техникалық сумен жабдықтау, суару және өзге де мақсаттарға арналған жерасты суларының 4803 кен орны барланған.
Мемлекеттік баланста тәулігіне 43,2 млн м³ көлеміндегі пайдалануға жарамды қор тіркелген. Оның ішінде қазіргі уақытта шамамен тәулігіне 1,5 млн м³ немесе 3,6%-ы ғана пайдаланылып отыр.
Бұған дейін Жамбыл облысының Сарысу ауданында жергілікті шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету үшін 10 жыл бойы пайдаланылмаған каналдарды механикалық тазалау жұмыстары басталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:34, 23 ақпан 2026
«Студенттерді қара жұмысқа жеккен». Түркістанда колледж жатақханасынан шу шықты
-
17:20, 23 ақпан 2026
ҚҚС-тан босату және жаңа ережелер: Қазақстан бизнесін қандай өзгерістер күтіп тұр
-
17:05, 23 ақпан 2026
Мемлекет басшысы Грузия премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
-
16:56, 23 ақпан 2026
Ресейдің Қазақстанға төрт амур жолбарысын қашан беретіндігі белгілі болды
-
16:50, 23 ақпан 2026
Көп мөлшерде қымыз ішіп, көлік тізгіндеген ЖСО палатасы басшысы қамауға алынды





