Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
© Сурет: Бастамашыл топ
2026 жылғы 15 сәуір күні бастамашыл топ жаңа "Әділет" саяси партиясын құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасады.
Жаңа партия өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, Әділетті Қазақстанды құру, заң үстемдігін нығайту және шешім қабылдау процесіне азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз етуді қолдаушы ретінде танытады.
"Әділет" партиясының негізгі мақсаты мен міндеттері – Жаңа Конституция қағидаттары мен Әділетті Қазақстан құндылықтары негізінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау.
Жаңа ұйымның миссиясы – 2026 жылғы 15 наурызда өткен референдумда қабылданған жаңа Конституция ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Жаңа партия прогрессивті жастарды, түрлі сала мамандарын, қала мен ауыл тұрғындарын, яғни отандастарымыздың мүдделерін шынайы қорғауға және баршаға ортақ әділдікті орнатуға атсалысуға дайын қазақстандықтардың басын біріктіреді.
"Біз экономикасы қуатты, баршаға кең мүмкіндік беретін және әлемдік қоғамдастықта абыройлы да беделді, Әділетті мемлекет құру және оны нығайтуға мүдделі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіргіміз келеді", – деп мәлімдеді бастамашылар.

Сурет: Бастамашыл топ
ӘДІЛДІК, ПАТРИОТИЗМ, ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ, ЖАУАПКЕРШІЛІК және ПРОГРЕСС құндылықтарына сүйене отырып, партия бастамашылары мынадай басымдықтарды жариялады:
- Барлық қазақстандықтар үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету, кландық, өңірлік ерекшеліктердің ықпалын азайту;
- Тәуелсіз, тиімді әрі объективті құқық қорғау және сот жүйесін нығайту;
- Экономикалық әділдік пен Қазақстанның тұрақты дамуы.
Жаңа партия өзінің саяси күн тәртібін қалыптастыру аясында азаматтық қоғам өкілдері, сарапшылар және сала мамандарымен тығыз ықпалдасуға ниетті.
16 сәуірде бастамашы топ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді және жақын арада партияның құрылтай съезін өткізуді жоспарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 15 сәуір 2026
Неліктен еліміздегі ең ірі су қоймаларының бірінен 6,3 млрд текше метр су жіберіледі
-
17:11, 15 сәуір 2026
Тоқаевқа Астана халықаралық қаржы орталығы арқылы тартылған 21,5 млрд доллар инвестиция туралы есеп берілді
-
17:11, 15 сәуір 2026
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады
-
17:07, 15 сәуір 2026
Молдова ТМД-дан ресми түрде 2027 жылдың сәуірінде шығады
-
16:55, 15 сәуір 2026
Жетісу облысында аса ірі көлемде шығын келтірген алаяқтың әрекеті әшкереленді





