Қазақстанда зейнетақы жинақтарын ипотеканы төлеуге пайдалану жоспарлануда
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта келесі ұсыныстар қамтылған:
- Жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) алынған біржолғы төлемдерден жеке табыс салығын ұстаудан босату;
- Банк алдындағы несиелік жүктемені азайту үшін ипотекалық тұрғын үй қарызының негізгі қарызын өтеу, не ай сайынғы төлем мөлшерін төмендету, не несие мерзімін қысқарту мүмкіндігін қарастыру.
Министрлік мәліметінше, бұл өзгерістер жобасы азаматтардың зейнетақы жинақтарын тиімді пайдалану арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік беруді көздейді.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:27, 14 наурыз 2026
Атырау облысында былтыр 55 әлеуметтік нысан салынды
-
17:30, 14 наурыз 2026
Құрманғазы ауданында төрт мәдениет үйінің құрылысы аяқталды
-
16:26, 14 наурыз 2026
Атырауда 9 теміржол вокзалы жаңартылып жатыр
-
16:06, 14 наурыз 2026
Lets School мектебінің құрылтайшылары сотталды
-
15:52, 14 наурыз 2026
15 наурызда Қазақстанның екі өңірінде қар жауады





