Қазақстанда тіркеуі жоқ азаматтар бір күнге тіркеле алады, бірақ бір ерекшелігі бар

15:17, 21 тамыз 2026
MKZ: 1562526

© Фото: zakon.kz

2026 жылғы 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ Қазақстан азаматтары сайлау учаскесінің мекенжайына бір күнге уақытша тіркеле алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 21 тамызда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мұндай қызмет ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейтін 221 сайлау учаскесінде көрсетіледі. Жұмыс уақыты – сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін".

Мемлекеттік корпорация өкілдері тіркеудің тек дауыс беруге қатысу үшін рәсімделетінін атап өтті.

"Тіркеу тек дауыс беруге қатысу үшін жасалады және келесі күні автоматты түрде жойылады".

Ал тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар азаматтар тіркелген мекенжайы бойынша сайлау учаскесінде дауыс береді.


Бұған дейін мемлекеттік корпорация қазақстандықтарға зейнетақы рәсімдеу кезінде қажет болуы мүмкін құжат туралы ескерткен еді. Ол – архивтік анықтама.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!