Қазақстанда тарихи-мәдени нысандар цифрлық форматқа көшіріледі

11:11, 19 мамыр 2026

© Сурет: akorda.kz

Енді Қазақстандағы киелі орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштерді есепке алу және билет жүйесі цифрлық форматта жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының мәліметінше, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб, Қарахан және Айша бибі кесенелері, Отырар қалашығында жаңа технология қазірден жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде аталған тарихи нысандарда есеп жүргізу ашықтығы қамтылды. Билет сату мен келушілерді тіркеу цифрлық форматқа көшірілді.

Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талаптың айтуынша, жыл соңына дейін QR-билет жүйесі басқа да мәдени орындар мен музейлерге енгізіледі.

Бұған дейін ҚМДБ төрағасы қазақстандықтарды Құрбан айт пен Ораза айт мерекесін ұлттық нақышта атап өтуге шақырғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!