Қазақстанда шілдеде ауа температурасы +50 градусқа дейін көтеріледі
© Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы шілде айына арналған кеңестік сипаттағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың мәліметінше, шілде Қазақстандағы жылдың ең ыстық айы болып қала береді.
Елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде орташа ауа температурасы +18...+23 градус болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
Жекелеген күндері солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін ысиды. Ал орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа, еліміздің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, аптап ыстыққа қарамастан, шілде айында қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болады.
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік және шығыс облыстарда түнгі ауа температурасы кей жерлерде +5 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.
Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы саналады. Жаңбыр көбіне найзағаймен қатар жүреді, кей өңірлерде нөсер түрінде жаууы мүмкін. Жекелеген аудандарда бір тәуліктің ішінде бір айлық жауын-шашын мөлшеріне тең немесе одан да көп жауын түсуі ықтимал.
Ең жоғары найзағай белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында күтіледі. Ал оңтүстік-шығыстағы таулы өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:35, 18 маусым 2026
Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды
-
19:21, 18 маусым 2026
Шымкентте TikTok-та жала жапқан әйелге ірі көлемде айыппұл салынды
-
19:15, 18 маусым 2026
ШҚО-да танысын бопсалаған күдікті ұсталды
-
19:05, 18 маусым 2026
Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
18:40, 18 маусым 2026
19 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде аптап ыстық болады





