Қазақстанда саяси партияларды қаржыландыру ережелері өзгерді

14:07, 20 қаңтар 2025

© Фото: Zakon.kz

Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен саяси партияларды қаржыландыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда соңғы сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде ұсынылған саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген сайлаушының әрбір дауысы үшін 0,65 АЕК (2025 жылы 2 555 теңге) есебінен айқындалады.

Бұрын бұл мөлшер республикалық бюджет туралы заңмен де анықталған, бірақ сайлаушының әр дауысы үшін ең төменгі жалақы мөлшерінің 3%-дық көрсеткішін ескере отырып.

Қаулы 2025 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!