Қазақстанда полиция жазғы түндерде балалардың жүріп-тұруын қатаң бақылайды

14:01, 26 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында жазғы демалыс кезеңінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, каникул кезінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

"Маусым–шілде айларында біз "Түнгі қаладағы балалар" атты ЖПІШ-ті ұйымдастырамыз. Оның аясында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есепте тұрған балалармен және қолайсыз отбасылармен жұмыс жүргізу, балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болу фактілерін болдырмау, сондай-ақ оларға алкоголь мен темекі өнімдерін сатудың жолын кесу шаралары күшейтіледі", – деді министр.

Сонымен қатар ведомство "қиын" жасөспірімдермен жұмысқа ерекше назар аударып отыр.

Министрдің айтуынша, мұндай жасөспірімдер анықталып, оларды әлеуметтік пайдалы істерге, спортқа тарту жұмыстары жүргізіледі. Ал жергілікті әкімдіктерге жазғы демалыс кезінде олардың бос уақытын барынша тиімді ұйымдастыру ұсынылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!