Қазақстанға қандай мамандар қажет: Ғылым министрі алдағы жылдарға арналған гранттар туралы айтты
© Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 26 мамырда Үкімет отырысында 2026–2027 жылдарға арналған мемлекеттік гранттар саны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі алдыңғы оқу жылдарының деңгейінде сақталады.
"Алдағы 2026–2027 оқу жылына 89 457 мемлекеттік грант бөлінді. Оның ішінде: 75 371 грант – бакалавриатқа, 11 007 грант – магистратураға, 3 079 грант – докторантураға арналған. Мемлекеттік тапсырысты бөлу ел экономикасының 2030 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілігі болжамымен үйлестірілді", – деді Нұрбек.
Болжамға сәйкес, Қазақстанға 883 мыңнан астам маман қажет болады.
Оның ішінде:
- 530 мыңға жуық инженерлік-техникалық маман;
- 185 мыңнан астам педагогикалық кадр;
- 168 мыңға жуық өзге салалардың мамандары.
"Сондықтан гранттарды бөлу кезінде инженерлік, IT, аграрлық, педагогикалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарға басымдық берілді. Гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бағытталды. Ал 21%-ы педагог кадрларды даярлауға бөлінді", – деп қосты министр.
Бұған дейін Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеудің өтуі туралы айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:43, 26 мамыр 2026
Ұшақ билеті 16 мың теңгеден: Қазақстанда жазғы ішкі сапарлар жеңілдейді
-
15:40, 26 мамыр 2026
Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі қашан дайын болады
-
15:33, 26 мамыр 2026
ДСМ медицина қызметкерлерін сақтандыру жүйесін және қызметтік ақпаратты қорғауды күшейтеді
-
15:25, 26 мамыр 2026
ҰБТ-да 140 балл жинаған талапкерлерді қайта тексере ме
-
15:14, 26 мамыр 2026
Қазақстандағы несиелеудің жаңа ережелері ел азаматтарына қаншалықты тиімді





