Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталды

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын өтетін "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған.
"Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады." ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
Байқау екі кезеңде өтеді:
- Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін).
- Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін).
"Осы жылдар ішінде конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты. Биыл қатысуға ниет білдіргендер өз өтінімдерін өңірлік комиссияларға жібере алады. Толық ақпарат: +7 (7172) 74-13-47, 74-01-62." ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:06, 13 маусым 2025
Астанадағы Алаш тасжолында алапат өрт сөндіріліп жатыр
-
19:00, 13 маусым 2025
Әбиба Әбужақынова мансабында алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты
-
18:54, 13 маусым 2025
Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
-
18:40, 13 маусым 2025
СІМ Таяу Шығыстағы қауіпті әскери шиеленіске байланысты маңызды мәлімдеме жасады
-
18:39, 13 маусым 2025
Павлодар облысында балабақша тәрбиешісі дөрекілік үшін жұмыстан шығарылды