Қазақстанда кедейлік шегі тоқсан сайын есептеледі
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кедейлік шегінің мөлшерін айқындау тәртібіне түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Астана қаласы, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейтіні көзделген.
Есептеу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген кедейлік шегінің мөлшері негізінде жүргізіледі.
Сондай-ақ мәліметтерді жариялаудың мынадай тәртібін белгілеу ұсынылды:
- кедейлік шегі туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын жариялайды;
- өңірлер және республика бойынша табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын жариялайды.
Өзгерістер Әлеуметтік кодекске енгізілген түзетулерге байланысты әзірленді. Осы түзетулерден кейін тиісті нормалар кодекстің 120-бабынан алынып тасталып, оларды Еңбек министрлігінің бұйрығымен реттеу қажет болды.
Жаңа нормаларды 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.
Құжат 25 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:24, 11 қыркүйек 2026
Forbes тізіміне енген 17 жастағы қазақстандық аспаз жетістігінің артында кім тұрғанын айтты
-
15:16, 11 қыркүйек 2026
Энергия өндірушілердің шығындары мен тарифтеріне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді
-
15:08, 11 қыркүйек 2026
NAIZA лигасы NAIZA 85 турнирінің кардтары мен негізгі мәліметтерін таныстырды
-
14:54, 11 қыркүйек 2026
Қазақстанда 20 жылдық еңбек өтілі бар шенеунік бәс тіккені үшін қызметінен айырылды
-
14:50, 11 қыркүйек 2026
«Шотыңызды бұғатталады»: қазақстандықтарға алаңдатарлық қоңыраулар мен хабарламалар туралы ескерту жасалды





