Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендейді

10:42, 7 қазан 2026
MKZ: 1570958

© Фото: Zakon.kz

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы 8–10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы үш күнде ел аумағында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, ауа температурасы -6°С-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, антициклонның әсерінен тек республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"8–10 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын түседі. Шығыста көктайғақ күтіледі... Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ауа температурасы мынадай болады:

  • елдің батысында түнде +5…+16°С, күндіз +17…+22°С-тан +22…+27°С-қа дейін жоғарылайды;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде +3…+13°С-тан -1…-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+27°С болады;
  • шығыста түнде 0…+8°С, күндіз +10…+15°С-тан +2…+7°С-қа дейін төмендейді;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +3…+10°С, таулы аудандарда -2°С-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +17…+25°С, таулы аудандарда +12…+17°С болады.

Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы қазанға арналған нақтыланған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған еді. Оған сәйкес, Қазақстанда ауа температурасы -10°С-қа дейін төмендеп, қар жауады. Сондай-ақ күн қайта ысып, температура +30°С-қа дейін көтеріледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!